Елімізде құмар ойын ұйымдастаратын компаниялардың табысы қаңтар-маусым аралығында 294 миллиард теңгеден асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Energyprom-ның зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұл 2021 жылдың алты айымен салыстырғанда 8 есе көп.
Былтыр және пандемия кезінде де букмекерлік кеңселер мен құмар ойын өткізетін компаниялардың табысы 6 есе көбейген болатын. Биыл құмар ойынға қызығушылар тағы артқан. Әсіресе, Алматы облысында көп. Өйткені казиноның бір бөлігі сонда орналасқаны белгілі. Олардан Ақмола облысы мен Астана тұрғындары да қалыспайды.