Түркістан қаласында көшелерді жарықтандыру үлесі 44,9 пайызға жетті

53

Түркістанда 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылды. Сонымен жалпы үлес 44,9%-ға ұлғайды. Ал жыл басынан бері 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізілген.

Қазіргі уақытта , 53,3 шақырымдық 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленіп жатыр. Нәтижесінде, үлес 61,1%-ға жетеді.

Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарда бар.