Úı Jańalyqtar Жолдау жүгін нәтижелі іс жеңілдетеді

Жолдау жүгін нәтижелі іс жеңілдетеді

 

Бүгін Еңбекші ауданының Маятас тұрған алабында орналасқан №119 мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын AMANAT партиясының Еңбекші аудандының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда Г.Жартыбекова тұрғындарға Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтылған қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ, Ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығын айтты.

Ұстаздар қауымы Жолдаудағы білім саласын ілгерілетуге қатысты айтылған ойларды ортаға салып, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруда өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен педагогтер Жолдауды қолдайтындарын жеткізді.

Exit mobile version