“Мақтаарал” футбол клубы премьер-лигада 5 рет жеңіске жетті

27

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жиырма бесінші туры өтті. Жарыста «Мақтаарал» командасы бесінші рет жеңіске қол жеткізді.

Олар премьер-лигада қалу үшін “Тұран” командасымен бақ сынады. Тартысты матчта «Мақтаарал» командасы 3:0 есебімен жеңді. Ал бұған дейін «Тараз», “Ақжайық”,”Тобыл”, “ Каспий Ақтау” командасымен болған кездесуді табысты аяқтаған еді.

Енді жеңімпаз команда соңғы турда Шымкенттік “Ордабасыны” қабылдайды. Айта кетейік, қазір мақтаралдықтар 30 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.