«Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына байқау жариялады

8

Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына байқау жариялады.

«Байқаудың қорытындысы бойынша еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 айлық есептік көрсеткіш, яғни 6 126 000 теңге болады», – деп хабарлады министрлік.

Айта кетері, өткен жылы байқау жеңімпаздарына 5 834 000 теңгеден берілді. Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта 3 желтоқсанға дейін қабылданады.