Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, 6 млн. теңгеге жуық қаржысынан айырылды

37
фото Спутник

«Мемлекеттен пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

2022 жылдың 11-желтоқсанында, күндізгі сағат 13:25-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір айдан бергі танысы Шымкент қаласынан «мемлекеттік бағдарлама бойынша аз уақыттың ішінде, кезексіз пәтер алып беремін» деп, 5 600 000 (бес миллион алты жүз мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған.
Сондай-ақ, ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотты болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.