Бас прокуратура экономика саласында 360-тан астам қылмыстық іс тоқтатты

34
прокуратурада тілішілерге есік ашық

Заңға бағынатын бизнесті негізсіз тексерулер мен қудалаулардан қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі маңызды басымдық болып табылады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – қылмыстық процестің ортасына бизнесті заңсыз тартуды болдырмау, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

2022 жылдың мамыр айынан бастап прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты басталған сотқа дейінгі барлық тергеп-тексерулерге тексеріс жүргізді. Осы кезеңде экономика саласында 360-тан астам қылмыстық іс тоқтатылды.Кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда 115 (Call-орталық), (7172) 30-17-93 немесе +7 702 629 75 61 нөмірлері бойынша (Бас прокуратураның мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша тікелей хабарласуға болады .