Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, 7 млн. теңгеге жуық қаржысынан айырылды

46

«Мемлекеттен пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

2023 жылдың 22-қаңтарында, сағат 13:58-де Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір айдан бергі танысы Шымкент қаласынан «мемлекеттік бағдарлама бойынша екі ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін» деп, 6 650 000 (алты миллион алты жүз елу мың) теңге ақшасын алдын ала алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған.
Сондай-ақ, ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотты болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.