Úı ANONS Түркістан облысына МӘМС үшін 23 млрд. теңгеден аса жарна түскен

Түркістан облысына МӘМС үшін 23 млрд. теңгеден аса жарна түскен

Өткен жылы Түркістан облысында МӘМС үшін 23 млрд теңгеден астам жарна аударылған. Оның 12 млрд 962 мың теңгесі – жұмыс берушілерден түссе, 1 млрд 74 мыңын жеке кәсіпкерлер төлеген.

Ал 76 мың теңгесі бірыңғай жиынтық төлем. Бұл қаражат алдымен Ұлттық банкте сақталып, кейіннен медициналық қызметтер ақысына жұмсалады. Жалпы жұмыс беруші қызметкерлері үшін жалақының 3%-ын қорға аударуы қажет.

Ал жеке кәсіпкерлерге тұрақты баға бекітілген. Ол биылғы көрсеткішпен 4 900 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қалада тұрса 1 АЕК, ал ауылда тұрса 0,5 АЕК көлемінде аударым жасайды.

Exit mobile version