12 жасқа дейінгі балалар үлкен тенниске тегін қатыса алады

83

Түркістан қалалық «Балалар мен жасөсіпірімдер спорт клубы» үлкен теннис спортынан «Ашық есік» күнін өткізді.

Шарада балаларға арналып үлкен теннис спортының жаттығулары көрсетілді. Тұрғындарға қаладағы Теннис орталығындағы тегін үйірмеге шақыру жұмыстары жүргізілді.
«Ашық есік» күнінде үйірмеге жазылғандар саны 30-ға жуықтады. Үйірмеге жазылу әлі де жалғасып жатыр. Үлкен теннис үйірмесіне қатысу үшін Түркістан қаласында Теннис орталығына келуге болады. Мекен-жайы: «Жаңа қала» шағынауданы. Байланыс телефондары: 8776 991-11-91, 8707 222 17 10.
Тенниске қатысу үшін ересектерге айына – 15 000 теңге, ал 12 жасқа дейінгі балаларға тегін.