Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

45
Фото: //zt16.ru

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, ағымдағы жылдың  1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 496 шетел азаматы жұмыс істейді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін – 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін – 3 000 рұқсат (екінші санат).

Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 388 және 883 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 438 адам тартылды.