Қазақстанда газ және электр энергиясын өндіру көлемі ұлғаяды

24
"Түркістан" қосалқы станциясында реконструкция жүргізілуде

2029 жылға қарай Қазақстанда газ және электр энергиясын өндіру айтарлықтай ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Оның сөзінше, отын-энергетика кешенін дамыту шеңберінде газ өндірісі 25,5 пайызға артады. Сонымен бірге ел бойынша газға қосу көрсеткіші 63,4 пайызға дейін, көмір өндіру 3 пайызға көбеймек.