Úı ANONS Қазақстанда таксистер мен курьерлер үшін арнайы салық режимі енгізіледі

Қазақстанда таксистер мен курьерлер үшін арнайы салық режимі енгізіледі

Қазақстанда таксистер мен курьерлер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұл шара онлайн платформалар ұсынатын қызметтердің бағасына қалай әсер ететінін айтты.

«Қолданушылар үшін тариф өспейді. Осы аптада мен таксистер қауымдастығымен тағы бір мәрте кездесемін деп отырмын. Бүгінде жүргізушілер таксопарктерге немесе операторларға белгілі бір комиссия төлейді. Осы комиссияда бюджетке аударылуға тиіс төлемдер және әлеуметтік аударымдар көзделген. Сондықтан ешқандай қосымша қаржылық жүктеме түспейді. Бәрі қазіргі комиссиялық төлемдерден аударылады», — деп түсіндірді Дүйсенова.

Сондай-ақ Дүйсенова жүргізушілерге тіркелу үшін ешқандай қосымша құжат қажет емес екенін мәлімдеді. Өйткені олар осы онлайн платформамен жария шарт жасасқан.

 

Exit mobile version