Сайрамдағы жылыжай өнімдері шетелге экспортталады

22

Сайрам ауданында Түркістан облысындағы ең ірі жылыжай кешені бар. Жылыжай өнімдері ел аумағына және Ресей еліне экспортталады.

«ЭкоИнвест» жылыжай кешенінің жалпы аумағы 21 гектар, қазіргі таңда 11 гектар жерді қамтып, оның 5 гектар жеріне қызанақ, 6 гектар жерінде қияр егілген. Алдағы жылы қалған 10 гектар жылыжай құрылысы аяқталып, іске қосылады деген жоспар бар.

Айта кетейік, мұнда қызанақтың 7, ал қиярдың 2 түрлі сорты өсіріледі. Жылыжайда 200-ге жуық жұмысшы жұмыс істейді.