Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары пара алды деп күдіктелуде

139

 

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады.

Ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн.теңге мөлшерінде ақша алды деп күдіктелуде.

Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаны «үйқамақ» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.