«Тұран» – ауқымы бойынша Шымкенттегі ең ірі аудан

223

Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданының жер көлемі, аумақ құрамы, енгізілген елдімекендер саны жайлы қалалықтардың басым бөлігі біле бермейді. Өйткені өңірде өзгеріс көп. Дегенмен жеке куәлігіндегі жеке сәйкестендіру нөмірі бар кез-келген тұрғын, сандық жүйенің арқасында өзіне қажетті ақпаратты ала алады.

Абай ауданының тұрғыны Рано Азизова жаңадан туылған қызының құжаттарын реттеуге халыққа қызмет көрсету орталығына келіпті. Көршілерінің «біз енді Тұран ауданының тұрғынымыз, қажетті құжаттарды сол жерден аласыз» деген нұсқауымен келген жас ана, бірыңғай жүйе арқылы керек құжатымды еш қиындықсыз алдым дейді.

Жанар Сәулебайқызы біздің көмегімізге жүгінетін азаматтардың басым бөлігі жылжымайтын мүлік, жерді заңдастыру мәселелерімен келеді. Былтыр шаһардағы 4 ауданға бесінші Тұран ауданы қосылды. Айтарлықтай өзгеріс жоқ, өйткені цифрландырудың арқасында әрбір азамат жайлы мәлімет бірыңғай базада бар дейді нотариус.

Шымкенттегі жаңа Тұран ауданының аумағына келсек, оның көлемі қаладағы төрт ауданнан үлкен – 36 мың 300 гектар. Халықтың саны 220 мыңнан асады. 9 секторға бөлінген ауданда 21 елді мекен бар.

Бәйтереков-Арғынбеков, Жанкент-Рысқұлов көшелері аралығы. Түркістан Наурыз Отырар шағынаудандарынан бастауын алып, шағын Самал, 112 орам, Темірлан тас жолынан Жаңаталап, Ақтас, Айкөл, Тәшкент бағытындағы Қазығұрт, Құрсай шағынаудандары Тұранның қарамағын қамтиды.