Úı ANONS Жарты миллионнан астам отбасыға 66,9 млрд. жәрдемақы төленді

Жарты миллионнан астам отбасыға 66,9 млрд. жәрдемақы төленді

Елбасының тапсырмасына сай 1 сәуірден бастап зейнетақы – 14%, жәрдемақы – 12 % артты

Жыл басынан бері орта есеппен 535,3 мың көпбалалы отбасыға жалпы сомасы 66,9 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Соның ішінде ақпан айында 538 мың отбасы 33,8 млрд теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды төленді.

Айта кетері, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үміткер бола алады. Жәрдемақы төлеу кезінде отбасының табысы ескерілмейді.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:

4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

8 және одан да көп баласы барларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Биылдан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ке артты.
Еске салсақ, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.
Exit mobile version