356 науқасқа эндоваскулярлы операциялар жасалынды

66

Онкологиялық қызметтің сапалы көрсеткіштері бойынша 2023 жылдың 1 сәуіріне дейінгі қала көлеміндегі «Д»  есептегі науқастар саны 7 319 адамды құрап отыр.

Биылғы жылдың 3 айында алғашқы рет «Д» есепке 346 науқас алынды. Ерте кезеңде анықталуы бойынша бірінші жартыжылдықта алғашқы анықталғандардың арасынан 0-1 сатысында 73 науқас алынса, бұл 23,1 пайызды құрап отыр.

       Бес жыл және одан артық өмір сүруі бойынша 3 айда 52,5 пайыз болса, салыстырмалы 2022 жылдың 3 айында 51,5 пайыз, яғни, 1,0 пайызға өскен. Скринигтік тексерулер бойынша бүгінгі таңда сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісіктеріне жасалады.

Бүгінгі таңда жоғарыда айтылған скринингтердің орындалуы жоспарлы түрде өтуде.

Үшінші мегаполис тұрғындарына жоғарғы технологиялық медициналық көмек көрсетілуде.

Орталықта 2018 жылдан бастап заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен науқастарға инвазивті емес жоғарғы технологиялық операциялар жасау күнделікті тәжірибеге енгізілуде. Атап айтқанда: кеуде, іш  қуысы органдарының қатерлі ісіктеріне жасалынатын кіші инвазивті операциялар саны жыл санап артуда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықта мұндай -115 күрделі операция жасалынған. Қазіргі таңда орталықтың хирургия бөлімшесі Шымкент қаласы бойынша кеуде қуысы патологияларына кіші инвазивті операциялар жасайтын жалғыз орталық болып табылады.

2021 жылдан бастап өңештің қатерлі ісіктеріне жасалынатын тораколапароскопиялық операциялар күнделікті тәжірибеге енгізілді. Осы уақытқа дейін мұндай күрделі операциялар республиканың жетекші ғылыми зерттеу институттарында ғана жасалынып келген болатын.

2022 жылы орталықта заманауи бипланды Phillips AZURION-7 ангиографының орнатылуымен науқастрға жасалынатын эндоваскулярлы операциялар санының артуы байқалуда. Қазіргі таңда бұл құрылғының көмегімен бауыр, бас мойын, жамбас қуысы ісіктеріне шалдыққан науқастарға түрлі деңгейдегі күрделі эндоваскулярлы  оталар жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 356 науқасқа эндоваскулярлы операциялар жасалынды. Соңғы 4 жылда мұндай күрделі операциялар онкологиялық дертке шалдыққан -1800 науқасқа жасалынды.

2019 жылдан бастап сүт безінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастарға  күрделі рекнструктивті-пластикалық операциялар жасалынуда. Мұндай операциялардың  көмегімен науқастың өмір сапасын жақсартып,  психологиялық реабилитациядан өту уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мұндай күрделі, инвазивті емес операциялардың тәжірибеге көптеп енгізілуі науқастарды ерте сауықтыруға және операциядан кеиінгі асқыныстар санын азайтып, нәтижесінде жүргізілген емдеу әдістерінің тиімділігін арттырары сөзсіз.

2022 жылы орталықта 20 төсек орнына арналған онкогематология бөлімшесі ашылып, қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғындарына жоғары дозалы химио-имунттерапиялық ем жүргізілуде.

ҚР 2018-2022 жылдарда онкологиялық аурулармен күресудің Кешенді жоспарын іске асыру Жол картасы аясында, ЖШС “МедИнвестГрупп Казахстан” мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында  құрамында жоғары сәулелі сызықтық үдеткішті және позитрон-эмиссиондық томография  (ПЭТ) КТ құралдары бар ядролық медициналық орталық ашылды. Бүгінгі таңда  жоғары сәулелі сызықтық үдеткішті 850 науқас ем алса, ал позитрон-эмиссиондық томография  (ПЭТ) КТ 134 науқас  тексеруден өткен.