Министр: Автожолдарда мобильді интернет болады

38
Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы туризмді дамытады деп күтілуде

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жолдарды интернетпен қамту туралы айтты.

«Біз 487 антенна тіректерінің құрылысын орнатуды көздеп отырмыз. Нәтижесінде 17 000 км автожол мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі», – деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстың жаңа буыны 5G енгізіледі. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы 5G-мен қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% құрайды.