Әлемге танымал футболшылардың есімдерін жатқа білетін бала көпті таң қалдырды

2111

Әлемге танымал футболшылардың есімдері мен олардың қай елдің ойыншылары екенін жатқа білетін кішкентай бала көпті таң қалдырды. Балақай өскен кезде футболшы болуды армандайды екен.

Оның видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады. Автордың айтуынша,  футбол жанкүйерін кездейсоқ кездестіріп қалған және бірнеше футболшының есімін атап, қай елдің ойыншысы екенін сұрайды. Ал балақай болса, сұрақтарға мүдірместен жауап береді. Ол өз жауабында Модрич Хорватия ойыншысы, Месси аргентиналық, Роналду Португалия елінің футболшысы, Роналдо мен Винисиус бразилиялық, Холанн норвегиялық, Тер Штеген Германия футболшысы, Мохаммад Салах египеттік, ал Левандовский Польша елінің ойыншысы екенін айтады.

Балақайдың видеосын көрген желі қолданушылары оның болашақта танымал футболшы болатынына сенім артты.

«Өзің де осы футболшылар сияқты танымал бол, балақай», «Базар жоқ», «Жарайсың», «Комментатор болатын бала ғой», «Менің де ұлым осындай болса екен», «Тәп-тәтті сүйкімді бала», «Өскенде сен де Месси, Роналду сияқты болуыңа тілектеспін», «Алтыным сол», «Болашақта футболдың түбін түсірейін деп тұр», «Керемет» деп жазды желі қолданушылары.

Пікір жазғандардың бірі видеодағы бала өзінің ұлы екенін және оны мақтан тұтатынын алға тартқан.

Бейнежазбаны 300 мыңнан астам адам көріп, 26 мыңға жуық қолданушы лүпіл басқан. Айта кетейік, ТікТок жұлдызына айналған балақай Бесқарағай ауданында тұрады екен.