«Балықшы» қыз қолға түсті

246

2023 жылдың 8 мамырында, Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобы және Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде, балық қорғау органдарымен бірлесіп, қала аумағында заңсыз балық аулау, өткізу, сатып алу және тасымалдауды анықтау, жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу болып табылады.
Шара барысында арнайы топ қала аумағындағы Бадам өзенінен күндізгі сағат 19:53 шамасында заңсыз балық аулап отырған азаматшаны байқайды.
Заңсыз балық аулаған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1 бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары заңсыз балық аулау анықталған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын жеткізді.
Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы 30-мамырға дейін жалғасады.