Úı Jańalyqtar Израильдік профессор Шымкентте флебология оқу орталығын ашты

Израильдік профессор Шымкентте флебология оқу орталығын ашты

Шымкенттегі Флебология және лазерлік медицина клиникасына Израильден жоғары білікті флеболог, қан тамырлары хирургы, профессор Константин Мазайшвили келді. Ол жергілікті дәрігерлерге арналған шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар маман варикозды хирургиялық жолмен емдеу бойынша консультациялар жүргізді.

Варикоздан қалай құтылуға болады? Флебология және лазерлік медицина клиникасында Израильден келген профессор Константин Мазайшвили шеберлік сабағын өткізді. Бұл салада танымал маман әріптестерімен варикоз ауруын емдеудің заманауи әдістерімен және өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар жоғары білікті дәрігер жергілікті науқастар үшін консультация жүргізіп, варикозды тамырларды хирургиялық емдеу әдісін көрсетті.

Жалпы шеберлік сабағы дәрігерлердің заманауи медицина бойынша білімін жетілдіретін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы флебология оқу орталығының ашылуына орай ұйымдастырылды.

Рустам Келімбетов, Шымкент қаласындағы флебология және лазерлік медицина клиникасының бас дәрігері: «Бұрын біліктілігін арттыру мақсатында шетелге барып келген дәрігерлеріміз біздің жағдайда заманауи білім, көктамыр патологиясы бар науқастарды емдеу және тексеру дағдыларын ала алады. Практикалық және теориялық сабақтар өткізіледі. Бұл шараның мақсаты – азаматтарымыздың бойына жоғары медицинаны сіңіру. Сондықтан біз әрқашан шетелде оқыдық. Енді емделушілер Шымкенттегі және облыстағы медициналық мекемелерде шұғыл көмек алуы үшін бізге профессорларды әкеліп жатырмыз».

Израильдік профессердан құнды білім алу үшін шеберлік сабағына Қазақстанның әр қаласынан мамандар арнайы келген. Олардың бірі — Қостанайдан келген флеболог Виктор Гаврилов. Маман бұл сабақта көптеген пайдалы ақпараттарға қанық болғанын айтты.

Виктор Гаврилов, флеболог: «Конференцияға тәжірибе алмасып, аға әріптестерім варикоз тамырларын қалай емдейтінін көру үшін келдім. Тек көріп қана қоймай, біздің де қалай емдейтінімізді айттым. Мен өзім үшін диагностика тұрғысынан біраз дүниелерді ойға түйіп, кейбір нюанстарды, даулы тұстарды нақтыладым. Пациенттерді қалай тексеру керек екендігі туралы алгоритмді білдім».

Қазіргі таңда варикоз ауруы әлемдегі ең көп таралған аурулардың бірі саналады. Ол тез дамиды және уақтылы емделмеген жағдайда зардабы ауыр болуы мүмкін. Дегенмен, флебология және лазерлік медицина клиникаларында қолданылатын заманауи және қауіпсіз емдеу әдістерінің арқасында сіз варикозды мәңгілікке ұмыта аласыз. Емханаға алыс-жақын шетелдерден тәжірибе алмасу үшін мамандар тұрақты түрде келіп тұрады. Сондай-ақ жоғары медициналық көмекті МӘМС арқылы да алуға болады.

МЕКЕН ЖАЙЫ: УАЛИХАНОВ КӨШЕСІ 200 «Б»
ТЕЛ: +7 7252 60-68-57, +7- 701 770 68 57
Instagram @lazernaya_medicina_kz

лицензия № 0110793 21.12.16ж. Шымкент қ. ОҚО ДСБ-мен берілген

Exit mobile version