Қазақстанның бидайы Қытайға экспорттала бастады

38
Елдала

Қазақстанның бидайы көрші Қытайға да экспорттала бастады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Қазақстанның өз астығы өзіне толық жетеді. Қалған ауқымды бөлігін экспортқа да шығарады. Биыл Қазақстан бидайы Қытай Халық Республикасына жеткізіле бастады. Мысалы, ауа райы қолайсыз болып, астық шықпай қалған күннің өзінде біздегі ішкі қажеттілік ең аз жиналатын көлемінен 2 есе төмен екенін айта кету керек», – деді Смайылов үкімет отырысында.

Яғни, астықтың көлемі елдегі ішкі сұраныс пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді. Премьер егіс жұмыстарының қарқыны жақсы екенін атап өтті.