Ел ішінде саяхаттағандар тур бағасының 20 пайызын қайтарып ала алады

27

Ел ішінде саяхаттаған  отандастарымыз  тур бағасының 20 пайызын кэшбэк ретінде қайтарып ала алады. Ол үшін демалыс пакетін ресми тіркелген туристік агенттіктен сатып алу қажет.

Онда  бір  күндік демалысқа 5 пайыз,  екі күн үшін 10 пайыз, үш  күнге 15,  төрт  күн үшін 20 пайыз кэшбэк қосылып отырады. Мәдениет және спорт министрлігі мұны отандық туризмді қолдау үшін енгізіп отыр.

Бұл көрші Ресей мен Өзбекстаннан алынған тәжірибе. Ал туроператорларда бұл қызметті ұсынатын маркетплейс болуы қажет. Қазір министрлік тур агенттіктердің мүмкіндігін талқылап жатыр.