Сенат депутаттары «Қамқорлық» орталығының жұмысымен танысты

35

 

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапары барысында “Қамқорлық” №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды. Сенаторлар оңалту орталығының жұмысымен танысып, қызмет алушы балалардың ата-аналары және мамандармен кездесті.

Кездесу барысында әлеуметтік саланы дамыту бағытындағы ауқымды шаралар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы оңалту шаралары туралы айтылды.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Қамқорлық” №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында

жартылай стационарлық негізде қызмет көрсетіледі. 110 орынға есептелген орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген.

Балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балаларға логомассаж тағайындалды. Қызмет алушылармен сондай-ақ аптасына 2 күннен жеке жұмыс жүргізіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту шараларын жүргізеді.

Бүгінгі таңда 18 педагог «АВА – терапевтерді даярлау» курсынан, 36 педагог қызметкер «АВА – терапияға кіріспе» курсынан өтіп, сертификатпен қамтамасыз етілген.