Жұмысынан айырылған 110 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

20
фото Елорда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің  1 шілдедегі жағдай бойынша  мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 110,6 мың адамды болыпты.

Министрліктің мәліметінше, биыл 97,4 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.

Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.