Сырдария өзеніне батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды

210

Отырар ауданы Сырдария өзенінде суға батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды. Құтқарушы-сүңгуірлер 2011 жылы дүниеге келген ұл баланың мәйітін судан алып шықты.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі таңда 10 жасар қыздың денесін іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған барлығы 139 адам, 20 техника, 2 дрон және 9 жүзу құралы жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, іздеу жұмыстары құйындылардың, күшті су асты ағындарының, өзен тереңдігінің күрт өзгеруінің, жағалау аймақтарындағы өсімдіктердің тығыздығымен, сондай-ақ өзен түбінде ағаш бұтақтарының жиналуымен қиындай түскен.

Еске салсақ, 21 тамызда кешкі сағат 6-лар шамасында Отырар ауданы Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзенінде ағайынды төрт отбасының 11 адамы суға батып кеткені туралы белгілі болды. Оның 8-і кәмелет жасына толмаған балалар.