«Жұмыс уақытында донор ретінде қан тапсырсам, жалақым сақтала ма?» Заңгер кеңесі

433

Жұмыскер жұмыс уақытында донор болып қан тапсырды делік. Оның бұл уақыттағы жалақысы сақтала ма? Бұл сауалға редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы жауап берді.

Қызметкер донор ретінде қан тапсыруға 1,5 сағат жұмсап, жұмыс күнінің қалған 6,5 сағаты жұмыста болды делік.

Қазақстан Республикисы Еңбек кодексінің 126-бабына сәйкес, донор болып табылатын қызметкердің қан мен оның компоненттерін тексеру және донорлық ету кезінде оның жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. Сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.

«Егер жұмыс берушімен келісім бойынша донор болып табылатын қызметкер жұмысқа қан мен оның компоненттерін тапсыру күндерінде кіріссе, оның өтініші бойынша орташа жалақысын сақтай отырып, басқа демалыс күні немесе осы күні демалыс беріледі. Немесе ол күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін»,-дейді заңгер.