Есірткі, түрме, ВИЧ: «Отбасым үшін дертпен күресіп келемін»

55

Шымкенттік азаматша 20 жылдан бері ВИЧ инфекциясымен өмір сүріп келеді. Есірткіге тәуелді болған азаматша қауіпті инфекцияны жұқтырғанын түрмеде естіп, емделуден бас тартқан. Бірақ қылмыскер атанған әйелдің қазіргі өмірі жақсы жағынан өзгеріп, вирусқа қарсы ем қабылдауда. ВИЧ-пен күресіп келе жатқан азаматшаның шытырманға толы оқиғасын тілшіміз Лаура Нахыпқызы тыңдап қайтты.

 Светлана  20 жылдан бері ВИЧ инфекциясымен өмір сүріп келеді.  Бұған қоса азаматша ұзақ уақыт  бойы есірткіге тәуелді болғанын айтады.  Нашақорлыққа әуестеніп жүргенде әйел қылмыскер атанып,  түрмеге қамалған. Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүріп,  ВИЧ инфекциясына  шалдыққанын біліпті. Қауіпті инфекцияға шалдықанын естіген азаматша алғашқыда сенбей, емделуден бас тартқан.

Светлана,  қала тұрғыны: «Есірткіні ине арқылы тұтынып жүріп, ВИЧ инфекциясын жұқтырып алдым. Нашақорлық өмірімді қорлап жіберді. Дәрігерлер алғаш диагнозымды айтқанда шошып кеттім. Өміріңнің соңына дейін емделу қиын  шығар деп ойладым. Бірақ түрмеден шыққан соң немерем мен қыздарымды көріп, өмір сүргім келді. Дереу дәрігердің қабылдауына келіп, ем жасауға келістім. Міне сол 20 уақыттан бері ВИЧ-пен күресіп келемін. Қазір тұрақты жұмысым бар. Қолымнан келгенше бала шағама және немерелеріме көмектесем. Қазір есірткіні ұмыттым, мүлдем қолданбаймын».

Светлана өзі сынды тағдырлас жандарды  ВИЧ-инфекциясымен күресуде қорықпай, өзгелер сынды қалыпты өмір сүруге шақырады. Науқастың өзі дәрігерлердің тұрақты нұсқауын орындап, препараттарын үзбей қабылдағандықтан вирусологиялық және иммунологиялық  көрсеткіштері жақсы нәтиже көрсеткен.

Балжан Бақтыбаева, ЖИТС орталырынын дәрігері: “Алғашқы кезеңде біз науқасқа емделу жолдарын түсіндіреміз. Емдеу хаттамасына сәйкес жүргізіледі. Психологтың көмегі көрсетіледі. Науқасқа дәрісін келіп алып кетіп, өмірін ұзартуға болатынын айтамыз. Бізде қаншама науқастар бар. Дені сау бала туып, жақсы өмір сүріп жатқан. Барлығы өздерінің қолында. Тек дәріні уақытылы ішу керек”

ЖИТС орталығындағы мамандары үшін ауру жұқтырған науқасқа диагнозын жеткізу  – ең ауыр кезең. Кейбір науқастар дертті жұқтырғанын мойындамай, емделуден бас тартып жатады. Мұндай уақытта орталықтағы дәрігерлер бірлесіп, науқасқа барынша қолдау жасауға тырысады. Дәрігерлер ВИЧ жұқтырған адам тиісті ем қабылдаса, өмірін ондаған жылдарға ұзарта алатынын айтады.

Лаура Нақыпқызы