Úı ANONS ОЖТ: Энергетиктер инвестбағдарлама аясында 4 қосалқы станциясын жаңартты

ОЖТ: Энергетиктер инвестбағдарлама аясында 4 қосалқы станциясын жаңартты

Түркістан облысы мен орталығында тозығы жеткен трансформаторларды қуатын арттыра отырып, жаңартып жатыр. «ОңтүстікЖарықТранзит» серіктестігі 2023 жылға бекіткен инвестбағдарламадағы іс- шараларды кезең-кезеңімен орындауда. Бұл жолы Шой, Шорнақ, ЖБИ мен КООФ қосалқы станциялары жаңарып, нәтижесінде халықты үздіксіз сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету көрсеткіші едәуір артты дейді энергетиктер.

Түркістан облысының энергетика саласында бұрын- соңды болмаған жаңашылдық орын алуда. Ағымдағы жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарлама бойынша Түркістан қаласы мен Сауран ауданында 4 қосалқы станцияны жаңарту бағытында жұмыстар қарқын алған. Олар Шой, Шорнақ, ЖБИ, КООФ.

Бағлан Мырзахметов, «Оңтүстік жарық Транзит» ЖШС-нің қосалқы станциялар қызметінің бөлім бастығы: «Қазіргі таңда «ОЖТ» Шой, Шорнақ, ЖБИ, КООФ подстанцияларында инвестбағдарлама бойынша жұмыстар атқарылуда. Ескі майлы ауыстырып қосқыш орнына жаңа заманауи вакуумдыға ауыстырылуда. Майлы ажыратқыштар орнына жаңа вакуумды жаңартылуда. Элегазды подстанция ЖБИ-да 2 дана қойылды. Шой 35-110 киловольтты қосалқы станциясында ескі КРОН 10 киловольтты майлы өшіргіштер орнына қазіргі заманға лайықты вакуумды ауыстырып қосқыш 8 данасы және релейлі микропроцессорлы қорғау жабдықтары орнатылды. Майлы 35-тің ашыратқыштардың орнына элегазды ауыстырып қосқыш қойылды. Одан бөлек, Шорнақ қосалқы станциясында 10 мың КвА 2 трансформатор орнатылды. Бір майлы ажыратқыштың орнына заманауи элегаз орнатылды».

Сондай-ақ Шой 35/10 киловольттық қосалқы станциясында ескі КРУН-дарды 8 дана майлы ажыратқыштар қазіргі заман талабына сай вакуумдық ажыратқыштарға ауыстырылды. Майлы ажыратқыштар элегазды құрылғымен жаңартылды. Тозығы жеткен ескірген электр жабдықтарын жаңарту — тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді энергетиктер.

Бағлан Мырзахметов, «Оңтүстік жарық Транзит» ЖШС-нің қосалқы станциялар қызметінің бөлім бастығы: «Подстанция ЖБИ 16 килоАмпер трансформатордың орнына 25 килоАмпер трансформатор қойылды және 2 дана элегазды ажыратқыш  орнатылды».

Инвсетбағдарлама аясында Түркістан қаласының орталығындағы көшелерде өткен ғасырда тартылған әуе желілері жаңартылды. 400-ге тарта ағаш бағаналар заман талабына сай темірбетонды берік бағаналарға алмастырылып, ескірген 7 трансформатор ауыстырылды.

Ғани Қойшиев, ОЖТ ЖШМ Түркістан аудандық электр желілері бөлімшесінің бастығы: «Оның күштері 160КВА. 100 КВА болса. Олардың екі есе 400 бен 250 КВА алмастырылды. Ремзаводтағы Сабит Мұқанов, Жамбыл, Мұнайтпасов, Тоқмағанбетов көшелеріндегі тоғы жеткен СИП-терге алмастырылды. Қашашықта 2 трансформатор, Үлгі ауылында 1, Бабай Қорғанда 1, Теке-Үшқайықта тарнсформатор ауысады».

Шаһардағы энергетика саласындағы жаңашылдықтарға тұрғындар дән риза. Тозығы жеткен ағаш бағаналар мен ескірген электр желілерінің, қуаты аз трансформаторлардың қуаты жоғарыға жаңаруы үйімізге тоқтың еш күрделіксіз келіп тұруына септігін тигізуде дейді.

Абдугафур Абдукаримов, Түркістан қаласының тұрғыны: «Трансформатор ауыстырылды. Рахмет жігіттерге. Жақсы істеді. Мына ағаш бағандар еді. Нашар. ескірген еді ауыстырды. Тез істеп берді. Жарық өшіп қала беретін еді бұрын, қазір жақсы».

Осылайша «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының қабылдаған инвестбағдарламасына сәйкес Түркістан облысының орталығы мен Сауран ауданындағы электр жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылуда.

Шынар Оразова

Exit mobile version