Úı ANONS Есірткіге қарсы жүргізілген профилактикалық іс-шаралар сараланды

Есірткіге қарсы жүргізілген профилактикалық іс-шаралар сараланды

Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық жасап, сала мамандарының жұмыстарымен танысты.

Кездесуде «Көкнәр», «Допинг» тағы басқа алдын-алу операцияларының нәтижелері туралы айтылды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2023 жылдың 8 айында облыс аумағында есірткімен байланысты 401 дерек тіркелген. Оның ішінде, қылмыстар – 205, қылмыстық теріс қылықтар 196 деректі құрады. Заңсыз айналымнан 1 тонна 151 килограмм түрлі есірткі заттары тәркіленген.

Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Осы аталған мәселелер бойынша сын ескертпе хаттамалар енгізіңіздер. Жұмыс жоспарын қайта қарау керек. Бағыт бойынша істей алатын қолынан іс келетін және бұл жұмысқа жанашыр адамдарды тартыңыздар. Бізге шын мәнінде осының ішіне еніп, істей алатын аудан-қалаларда сондай. Жұмыс есеп үшін жүреді. Отчетқа жазылады. Өткізілді ма өткізілді. Бұл соның салдары. Айналып келгенде түбінде осы профилактикалық шаралардың немқұрайлы атқарылуының нәтижесінде осындай келеңсіздік кемшіліктерге жол беріліп отыр».

Бүгінгі таңда есірткіні көптеп таралу орындары ретінде білім беру мекемелері мен интернет кеңістігінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде синтетикалық есірткіні таратуы мүмкін 48 ақпараттық сайт анықталып, олар ІІМ сараптамасына жолданып, бұғатталған.

Айта кетейік, үкіметтің 2023 жылдың 20 наурыздағы №240 Қаулысымен «Трамадол» дәрілік препараты «психотроптық заттардың» қатарына енгізіліп, Қаулы күшіне енген соң 7 сәуірден бастап 33 қылмыс анықталған.

Exit mobile version