Гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда

35
Шардара аудандық әкімдігіндегілердің сөзінше, су қоймасының жағалауына тиісті инфрақұрылымдар жүргізілетін болса, Шардара нағыз туризм аймағы болмақ

Ел аумағындағы  гидротехникалық құрылыстардың 24-і апатты жағдайда тұр. Ал 1 000 астам гидронысан талапқа сай емес. Сенатор Сәкен Арубаевтың айтуынша, инфрақұрылымның нашарлығынан судың біраз бөлігін жоғалтып жатырмыз. Оған қоса соңғы 10 жылда елімізде 300-ден астам су тасқыны болған.

Бұған осы гидротехникалық құрылыстардың талапқа сай болмағандығы да басты фактор болды. Мыңға жуық нысанның тіпті техникалық құжаты жоқ екен. Сенатор нақты бірқатар ұсыныс айтты.
Сәкен Арубаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «Қазақстанда гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы дербес заң қабылдау, гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын жақсартуға және арнайы жол картасын дайындау және нысандарды нақты түгендеп, есепке алу, қажетті қаражатты бөлу».