Мемлекеттік сатып алу дұрыс өтпеген

44
фото kaznmu.edu.kz/

Мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылықтар азаймай тұр. Арнайы тексеріс кезінде 50 мыңнан аса тендердің дұрыс өтпегені анықталды.

Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбековтің мәліметінше, бұл жобаларға 228 млрд. теңге бөлінген. Заңбұзушылықтың көбі тауар жеткізу, қызмет көрсету, бюджетті өтеу және есептеу кезінде болған. Аудит жүргізілгеннен кейін оның 171 млрд. теңгесі өтелді.