Еліміздегі кәсіпкерлердің 45 пайызы әйелдер

26

Еліміздегі кәсіпкерлерлік субъектілердің 45 пайызын әйелдер басқарады. Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары осындай мәлімет таратты.

Биылғы жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша 900 мыңнан аса әйел өз кәсібін ашқан. Оның ішінде ең көп дамыған үш сала: көтерме бөлшек сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы.

Жалпы республика бойынша, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған 20 орталық бар. Онда кәсіпкерлерге 7 бағыт бойынша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жан-жақты кеңес беріліп, жаңа дағдылар қалыптастыруға жәрдем береді.