2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі енгізіледі. Оның шеңберінде «Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны» заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті. Декларация көлеңкелі экономиканы жоюға бағытталған.
Әл-Фараби ауданы бойынша 25 804 дара кәсіпкер және 9 442 заңды тұлға тіркелген. Келер жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша жалпы жұбайларын қоса алғанда 60 000 жуық салық төлеушіге салық есептілігін ұсыну міндеті жүктелетін болады.Соның ішінде 1507 салық төлеуші әрекетсіз деп танылған.
Айтулы құжат тұрғылықты жері бойынша тапсырылады. Декларациялауға Қазақстан Республикасы және шегінен тыс жерлердегі мүлік: жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, көлік құралдары жатады
Жұман Шерхан, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Егерде мерзімінде тапсырмаса айыппұл төлейді. Декларацияны қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей; электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады. Бірінгі ескерту беріледі, екінші рет қайталанса 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді».
Жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың 3 кезеңі бойынша Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың басында құрылған жаңа ауданда 5 мың 80 заңды тұлға, 13 мың 800 жеке кәсіпкер және 175 мыңнан астам жеке тұлға тіркелген.
Сала мамандары ескертеді Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық түрде салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.