Қызылшаға қарсы екпе алудан 560 адам бас тартқан

19

Түркістан облысында жыл басынан бері вакцинадан бас тартқан 47 азамат қызылшамен ауырған. Жалпы екпеден бас тартқандардың саны 560-ты құрап отыр. Ал, 2024 жылы облыста қызылшаның 299 жағдайы тіркеліп үлгерді.

Ардақ Берденова, Түркістан облысы СЭБД баспасөз хатшысы: «Түркістан облысына Үндістан елінде шығарылған жалпы саны 170 230 доза вакцина жеткізілді. Қосымша жаппай иммундау аясында өңірде 172 104 бала вакцина алды. Ол вакцина алуға тиісті балалардың 91,1 % құрайды. Сонымен қатар, ол санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері мен денсаулық сақтау, жергілікті дін өкілдері тағы да басқа құзыретті органдармен бірлесіп, бас тартушылар арасында да түсіндіру жұмыстарының жалғасуда»