90 млн. теңге қарызы бар көлік жүргізушісі анықталды

43

Түркістан облысында 90 млн. теңге қарызы бар көлік жүргізушісі ұсталды.

Қызылордалық азаматқа сот орындаушының қаулысына сәйкес іздеу жарияланған. Полиция қызметкерлері «Toyota Highlander» автокөлігін облыс аумағында «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықтады. Құқық қорғаушылар мемлекет алдындағы берешектің 100 мың теңгесі айыппұл екенін айтады.

«Полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 млн. теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады. Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айып тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарызды уақытылы төлеу туралы түсіндірме жұмысын жүргізді», – дейді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова.