Úı ANONS Баласын пышақтаған әкеге қатысты сот үкімі шықты

Баласын пышақтаған әкеге қатысты сот үкімі шықты

фото Отырар.кз

Былтыр 30 қарашада 28 жастағы жігітті туысы қатыгездікпен пышақтап өлтірді деген ақпарат тараған болатын. Шулы іске қатысты сот үкімі шықты.

Сот барысында анық болғандай марқұмға әкесі масаң күйде ас үй пышағын бірнеше рет сұғып алған. Бұл жайтқа қатысты айыпты азамат ҚР ҚК-тің 99-бабымен кінәлі деп танылды. Алайда жаза ретінде оған емдеу шарасы тағайындалған.

«Сот, күдіктінің қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасын қолданып, қылмыстық істі өндірістен тоқтатты»,- дейді Шымкент қаласының ҚІЖМС-ның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жарыссөзде прокурор айыпталушыға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдануды сұраған. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Exit mobile version