Тәуке хан даңғылында автокөлік жанып кете жаздады

фото ШПД

Шымкенттегі Тәуке хан даңғылында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция полкінің 799 автоэкипаж инспекторлары автокөліктен шыққан түтінді байқаған.

Полицейлер бірден көмекке асығып, жүргізушіні ескертіп, көлікті тоқтатты. Тәртіп сақшылары тез арада өрт сөндіргішті алып, көлік капотын ашып, өртті жойды. Кейін аккумуляторды шығарып, газ баллонды жапты. Осылайша, патрульдік инспекторлер болуы мүмкін оқыс оқиғаның уақытылы алдын алды.

Өз кезегінде, көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне жедел көмегі мен жанашырлығы үшін шын жүректен алғысын білдірді.