Полицейлер тон мен алтын бұйымдарды ұрлаған күдіктіні анықтады

20
Фото: sakhapress.ru

Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген жас қызды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті досының үйіне кіріп, жатын бөлмесінен тон мен алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды.

Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сондай-ақ полицейлер күдіктінің тағы бір ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Айғақты заттар заңды иесіне қайтарылды.Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.