Úı ANONS «Мерейлі отбасы» жобасының жеңімпаздары анықталды

«Мерейлі отбасы» жобасының жеңімпаздары анықталды

фото: Сыдықовтар

Шымкенттік «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды. Бұл жолы Қаратау ауданында тұратын Сыдықовтор әулеті жүзден жүйрік атанды. Енді олар республикалық сайыста бақ сынайды. 

Бұл Сыдықовтар отбасы. Қалалық байқауда үздік атанған үлгілі әулет, енді Шымкенттің атынан «Мерейлі отбасы» жобасының республикалық кезеңіне қатысып бақ сынайды. Анарбай атай мен Айсана ана бүгінде 8 перзенттен, 26 немере мен 8 шөбере сүйіп отыр. Білім мен өнерді қатар дамытқан жанұя, сайыста қазақи салт-дәртүрді дәріптеуімен ерекшеленген.

Ал былтыр дәл осы байқауда қаланың намысын қорғап, Республика бойынша ең үздік жанұя статусын Болатбек Бейісбековтың шаңырағы жеңіп алған еді. Ол осы жолы қазылар алқасының қатарында отырып, үміткерлерге өз бағасын берді. Қолөнешілер отбасының отағасы қатысушыларды іріктеуде ұлттық дәстүрдің дәріптелуіне баса назар аудардым дейді.

«Ата-баба өнерінде барлық құндылық, тәрбие бар. Менің жетістігім сол өнермен айналысқаным. Біздің отбасыда 7-еуіміз мамандандарылған суретші болсақ, күйеу бала немерелермен қосқанда 20-дан асып кетеміз осы бағытта жүргендер саны. Қазір қарап тұрсаңыз, отбасындағы бата бергенінің өзі үлкен тәрбие. Байқасаңыңдар, соңғы кезде дастарханға бірі келеді, бірі кетеді. Бата бермей тұрып кете береді. Ол жерде құндылық болмайды деп ойлаймын. Соңында көп отбасылар суретке түскенде балалары қаншалықты көп, соған мән беріп жатырмын. Әділ баға беруге тырысып жатырмын», — дейді «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы Болатбек Бейісбеков.

Шараға 5 ауданнан 20 үміткер қатысқан. Оның ішінде 4 ұрпақтан бері ұстаз, дәрігер мамандығын иемденіп келе жатқан отбасылар бар. Іріктеуге қатысқан жауапты мамандар оларды 10 көрсеткіш бойынша бағалағанын айтады.

«10 түрлі талап бар. Оның біріншісі ұрпақтан ұрпаққа. Екіншісі балаларының білімділігіғ дарындығына қараймыз. Балаларды білімді, өнерлі етіп тәрбиелеу де еңбек. Содан кейін ата-ананың жетістігіне қараймыз. Қоғамдық белсендігіліне де мән береміз», — дейді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының м.а. Әйгерім Жұмақұлова.

Жеңімпаз отбасыға 1 млн. теңге ақшалай сыйлық берілсе, қалған қатысушыларға теледидар табысталады. Марапаттау тамыз айына жоспарланған. Ал отбасы күнінде Сыдықовтар әулеті Астанада өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Exit mobile version