Полицейлер есірткі еккен тұрғынды анықтады

37
фото ТО ПД

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірінен өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Жедел уәкілдер оның үйіне тінту жүргізу барысында үйінің алдына егілген 281 дана есірткіге ұқсас өсімдікті тауып, тәркіледі. Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның сора екенін растады. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.