Úı Jańalyqtar Қанның қатерлі ісігіне шалдыққан шымкенттік бүлдіршіннің еміне 60 млн теңге қажет

Қанның қатерлі ісігіне шалдыққан шымкенттік бүлдіршіннің еміне 60 млн теңге қажет

Фото: Тоғжан Лес

2,5 жастағы Рабия Асан қанның қатерлігі ісігіне шалдыққан.

Туылғаннан 2 жасқа дейін ешқандай дертпен ауырмаған бүлдіршіннің денесінде көгерулер пайда болып, мұрны қанай бастаған. Шымкенттің онколог-гематолог дәрігерлері Алматы қаласына жіберіп, 2024 жылдың 15 қаңтарында қанның қатерлі ісігі диагнозы қойылыпты. Содан кейін кішкентай Рабия жарты жыл бойы 5 рет химиотерапия алған.

Алайда, осы уақыт ішінде өкінішке қарай, ісік клеткаларының саны 90 пайызға көбейіп кеткен. Ақ халаттылар аурудың емін Түркиядан табуға болатынын айтып, жол сілтепті. Мұнда бүлдіршінді ақылды-таргетті химиотерапиямен емдеуге мүмкіндік бар. Бірақ ол үшін 60 млн. теңге қажет.

«Бізге сүйек кемігін трансплантациялауға және ақылды-таргетті химиятерапияларға 60 млн теңге қаражат сұрап жатыр. Шұғыл түрде бастау керектігін, егер шұғыл басталмаса, баланың ісік клеткалары күн сайын, сағат сайын көбейетіндігін, бұл өміріне өте қауіпті екенін ескертіп жатыр. Барша қазақ елінен қызымның еміне қаржылай көмек көрсетулеріңізді сұраймын», — дейді Рабияның анасы Тоғжан Лес.

2,5 жасар бүлдіршін маусым айының 25-нен бастап анасымен бірге Түркияның Стамбул қаласындағы клиникада жатыр. Бүгінде өздері 15 млн. төлеп, толық тексеруден өтіп, химияның бірінші курсын алды.

Енді химиотерапияның қалған 4 курсына және сүйек кемігі трансплантациясына 60 млн теңге қажет. Рабияның жақындары жаны жомарт жандардан көмек сұрайды. Қол ұшын созам деушілер болса, экрнада көрсетілген нөмірге хабарласуға болады.

РЕКВИЗИТ:

Байланыс нөмірі:
8707 169 78 99 анасы Токжан Л.
(Halyk bank/KASPI банк карталары байланыс нөміріне тіркелген)

Halyk: 5354510201546990
Kaspi: 4400430271340793

Барлық ақпарат @help_rabiya парақшасында бар.

Exit mobile version