Úı ANONS Сарбазбен сырласқан – ана жүрегі

Сарбазбен сырласқан – ана жүрегі

фото Шымкент гарнизон

Ана мен бала арасына дәнекер болуды мақсат тұтқан «Ана жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғам¬дық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Шарифа Муминова әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы сарбаздарының қал-жағдайын білуге барды.

Сапар барысында бірлестік өкілі әскерге осы жылдың күзінде шақырылған сарбаздармен әңгімелесіп, сарбаздардың қызметі мен тұру жағдайларымен, жабдықталу түрлері мен нормаларымен жеке танысты. Жауынгерлік даярлық сабақтарын өткізу үшін сыныптарды, тұрмыстық үй-жайлар мен асхананы аралады, сондай-ақ жауынгерлерге ұйымның жұмысы туралы айтып берді.

— Әр сарбазды біз өзіміздің ұлымыздай көреміз. Біз барлығымыз анамыз және сарбаздарымыздың қалай және қандай жағдайда өмір сүретіні біз үшін өте маңызды. Бірлестік үшін әскери қызметшілермен мүмкіндігінше тығыз жұмыс істеп тығыз байланыста болу басты бағытымыз. Себебі жастар – біздің болашағымыз. Біз ұлдарымыздың жақсы қызмет еткенін қалаймыз, — деді Шымкент қаласы бойынша «Аналардың жүрегі» сарбаз аналары комитеті» қоғамдық бірлестігінің өкілі Шарифа Муминова.

Сапар соңында әскери бөлімнің тыныс-тіршілігі мен сарбаздарға жасалған жағдай көңілінен шыққанын білдірді.

Еске сала кетсек, қоғамдық бірлестік өкілдері әскери қызметшілерге көмек көрсету және оларды қолдау үшін әскери бөлімдерге, әскери оқу орындарына және басқа да әскери құралымдарға ұдайы барып белсенділік танытуда.

 

Exit mobile version