Елімізде осы аптада 8 түрлі азық-түлік бағасы арзандады. Ал үшінші мегаполисте жыл басынан бері әлеуметтік тауарлардың құны 2 пайызға төмендеген. Дегенмен арна тілшілері жүргізген сауалнамаға қатысқан тұрғындардың басым бөлігі бұл өзгерісті байқамаған сыңайлы.
Қала тұрғыны Айнұр Үйсінбай отбасымен бірге үйіне керек-жарағын алуға шығыпты. 3 баланың анасы 2 аптада бір рет үлкен дүкендер желісіне келіп, қажетті азық-түліктерін сатып алатынын айтады. Ал жұмсалатын қаржы соммасы 50 теңгеге жуықтайды. Ол әлеуметтік тағамдардан басқа заттардың қымбаттап жатқанын айтады.
«Сүт өнімдері, ұн және күріш, шекер алдым. Олардың бағасы әлеуметтік, адам басына шағып беріп отырады. Бізге ұнайды. Маған ұнайтыны жеңілдіктер көп болады. Салқын, таза жер. Базарларда қымбаттау болады», — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айнұр Үйсінбай.
Үкімет соңғы аптада 8 азық түрі арзандағанын айтады. Оның ішінде сары май, жұмыртқа, айран мен күріш кіреді. Ал Шымкентегі көрсеткіш жыл басынан бері 2 пайызға төмендеген.
2024 жылдың қаңтары 2024 жылдың шілдесі
Сары май 3262 тг. 3037 тг. — 225 тг-ге арзандады.
Қарақұмық 318 тг. 226 тг. — 92 тг-ге арзандады.
Пісте май 648 тг. 576 тг. — 72 тг-ге арзандады.
Сүзбе 2160 тг. 2095 тг. — 65 тг-ге арзандады.
Тауық етінің бөлшегі 1108 тг. 1220 тг. — 112 тг-ге қымбаттаған.
Әлеуметтік азық-түлік тізіміне халық жиі тұтынатын 19 түрлі өнім кіреді. Олардың бағасы әкімдікпен бекітілген. Ал сауда желілері тауарлар халықтың қалтасы көтеретіндей етіп қойдық дейді. Тіпті нарық бағасынан арзандары да бар көрінеді.
«Бізге күріш өткен тоқсанда 460 тг еді. Бұл тоқсанда 440 теңге болды. Сәбіздің бағасы арзандады. Өткен кварталды 150 тг еді, бұл жолы 123 тг. Одан бөлек жұмыртқа, сүт өрімдерінің бағасы түсті. Осылайша өткен тоқсанда қарағанда төмен бағада сатылып жатыр», — дейді дүкен директоры Самат Зауытбаев.
Жауапты мамандар баға тұрықтылығын сақтау маңызды екенін айтады. Ал бағаны бақылау үшін кезең кезеңімен маниторинг өткізіп отырады. Әлеуметтік тауар бағасы сұранысқа қарай әр тоқсан сайын жаңадан бекітіледі.
«Ірі сауда желілерімен келісімшарт түзілген. Сонымен қатар, әлеуметтік тауар өндіретін кәсіпорындармен де келісімшарт бар. Бағалар әр тоқсан сайын бекітіледі. Нарықтағы көтерме саудаларды зерлелей келе ортақ баға қоямыз. Өздеріңіз байқағандай әлеуметтік бағалар жыл басынан бері төмендеген. Көкөністер қазір өзімізде шығып жатыр. Сонымен қатар жақын облыстардан келіп жатыр. Қазір өнімдерге тапшылық жоқ», — дейді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Жандос Қаниев.
Еліміз бойынша азық-түлік бағасы арзандап жатыр. Дегенмен тұрғындар бұл көрсеткішті сезінбеген көрінеді. Себебі сауалнамаға қатысқан қала тұрғындарының көпшілігі қымбатшылықтың барын айтады.
«Негізі ұнның бағасы қымбаттады. Бірақ күнделікті көкөністер қымбат емес».
«Азық-түлікті базарлардан алып жатырмыз, сол жақта арзанырақ».
«Тауарды көп ала аламаймыз, қымбат бәрі».
«Күн сайын баға өсіп жатыр. Айлық көтерілмеді. Бірақ тауар құны көтеріліп жатыр», — дейді қала тұрғындары.
Айта кетейік, кәсіпкерлерге бағаны тұрақтандыру мақсатында 0,1 пайызбен айналым қаражаты беріледі. Осылайша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін нарық бағасынан төмен соммада сатылымға шығаруға мүмкіндік жасалып отыр.