Úı ANONS Шымкентте кене шаққан ер адам ауруханада көз жұмды 

Шымкентте кене шаққан ер адам ауруханада көз жұмды 

Шымкентте 3 адам конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды.

Науқастардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, үйге шығарылды. Ал тағы бір ер адам  Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол 3 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Алайда дәрігерлер науқасты аман алып қалудың барлық амалын қолданғанымен ер адам есін жимастан ауруханада көз жұмды. Қазір тағы бір науқас ауру жұқтырды деген күдікке ілінді. Мамандар оның конго-қырым геморрагиялық қызбасына талдауларын тексеріп жатыр.

Дәрігерлер кене шаққан кезде немқұрайлылық танытуға болмайды деп отыр.

«Кене шаққан кезде жалаң қолмен жұлуға немесе біреуге жұлдыруға болмайды. Дәрігердің қадағалауымен алынуы керек. Кене шаққаннан кейін дене қызуы көтеріліп, қанау белгілері пайда болғанда тез арада дәрігердің көмегіне жүгіну қажет»,-деді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали ЕРЕЖЕПОВ.

Автор: Гүлдана Дәурен

Exit mobile version