Шымкенттік сарбаздар көпірден секірмек болған қызды аман алып қалды

1
фото ҚР Ұлттық ұланы “Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Шымкенттік сарбаздар көпірден секірмек болған қызды аман алып қалды. Оқиға 3 шілде күні түскі 14:30 шамасында орын алған.

6506 әскери бөлімінің жауынгерлері қоршау сыртында жас бойжеткеннің тұрғанын көрген. Сондықтан қауіпті түсінген әскери жасақ рация арқылы жақын маңдағы патрульдік топқа хабар беріпті. Ұландықтар қызды сөзге тартып тұрғанда, келесі жауынгер оны ұстап қалып, қарсыласқанына қарамастан, қоршаудан тартып шығарған.

«Көпірден секіруге тырысқан қызды көргенде, бірден оған бет алдық. Осы уақытта ол көпір қоршауының сырт жағында тұрды. Жақындай бергенімізді көріп, көпірден секіремін деп қорқытты», – дейді Раулан Өтебаев.

Өмірін қимақ болған бойжеткен қауіпсіз жерге жеткізіліп, оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырылған.