Шымкенттің «Ордабасы» индустриалды аймағындағы өрт оқшауланды

11
фото: Шымкент қ. баспасөз қызметі

Шымкенттің «Ордабасы» индустриалды аймағындағы өрт оқшауланды.

Мұнда 27 шілде күні техникалық күкірт газы тұтанып, өрт 1200 шаршы метр аумақты қамтыды. 

Сол маңдағы «Шаңырақ» шағынауданының тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуациялады. 

Күкірт тотығатыны себепті отты сөндіру түнге дейін жалғасты

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ауқымды жұмыс істеді. 

Қазір оқиға орнына Шымкент әкімі Ғ.Сыздықбеков пен қала прокуроры жүр.

Өртті сөндіруге 120-ға жуық адам және 40-тан астам бірлік техника, ҚТЖ-ның 1 пойызы жұмылдырылды.