Úı ANONS Түркістан облысында жол сапасын жақсартуға 37,6 млрд. теңге қаржы бөлінген

Түркістан облысында жол сапасын жақсартуға 37,6 млрд. теңге қаржы бөлінген

Түркістан облысында 1100 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр. Жыл аяғына дейін 546,6 шақырымдық 244 нысанды қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 368,1 шақырымды құрайтын 34 облыстық маңызы бар жолдарға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық сапа орталығының тексеру нәтижесінде 343 кемшілік анықталған.

Түркістан облысында жол сапасы бойынша 343 кемшілік анықталды. Бұл Ұлттық сапа орталығының тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталып отыр. Жауапты мекемелерге ескерту хаттар беріліп, 5,7 млн. теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, 55 000 м2 жол негізі мен асфальт жабындысы бұзылып, қайта салынды. 2024 жылдың қорытындысымен өңірде жалпы 194,6 шақырым жолды пайдалануға тапсырып, жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 93,7%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Қуатжан Жұматаев, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы: «Жыл соңына дейін 19 нысан немесе 163,6 шақырым жол, 4 көпір, 4 құбыр пайдалануға берілмек. Бүгінгі таңда 3 нысан: 10,6 шақырым жол, 1 көпір, 1 жарықтандыру пайдалануға берілді. Аудандық маңызы бар жолдарды ретке келтіру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Осы жылы 19 нысан немесе 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтуға қаржы қаралған. Оның 31 шақырымдық 8 нысаны және 4 көпірі жыл соңына дейін аяқталады».

Биыл облыс аумағындағы жолдарды жақсартуға бюджеттен 37,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелерді қамту жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 546,6 шақырым болатын 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Аудандық маңызы бар жолдарды ретке келтіру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Осы жылы 19 нысан немесе 97,3 шақырым жолды күрделі және орташа жөндеуден өткізу үшін қаржы қаралған. Оның 31 шақырымдық 8 нысаны және 4 көпірі жыл соңына дейін аяқталады.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Жол жөндеу жұмыстары уақтылы әрі талапқа сай жүргізілуі тиіс. Аудан, қала әкімдері мен «Қазавтожол» және жауапты басқарма өзара тығыз байланыста жұмыс істеңіздер. Мердігерлердің жұмысын, асфальт сапасын бақылауда ұстаңыздар. Бірлесе атқаратын іс көп. Жол жөндеуге қажетті бюджетті дұрыс үйлестірмеген, жұмысты кешіктірген басшылар мен жауапты орынбасарларға тағы да ескертемін. Жағдайды өзгертеміз, егер жағдай өзгеріп, мәселе шешілмесе, соған жауапты адамдарды өзгертуге тура келеді».

Өңірде 368,1 шақырымды құрайтын 34 облыстық маңызы бар жолдар құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жыл соңына дейін 19 нысан немесе 163,6 шақырым жол, 4 көпір, 4 құбыр пайдалануға берілмек. Бүгінгі таңда 3 нысан, нақтырақ айтқанда 10,6 шақырым жол, 1 көпір, 1 жарықтандыру пайдалануға берілді.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 702 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдар – 723,1 шақырым, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 5717 шақырым, елді мекендердің көшелері – 11 268,2 шақырым. Елді мекендердегі жөндеуді қажет ететін көшердің жалпы ұзындығы 3380,5 шақырымды құрайды.

Exit mobile version