Úı ANONS Түркістанда миллиондаған қарызын төлемей жүрген автокөлік жүргізушісі анықталды

Түркістанда миллиондаған қарызын төлемей жүрген автокөлік жүргізушісі анықталды

фото : Түркістан облысы ПД

Түркістанда миллиондаған қарызын төлемей жүрген автожүргізуші анықталды. Тәртіп сақшыларына «Қорғау» бағдарламасы арқылы “Ravon” автокөлігіне қатысты дабыл түскен. Тиісті тексерістен кейін жүргізішінің 153 млн. теңге көлемінде берешегі бар екені анықталған.

Борышкер оның 700 мың теңгесін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Ал қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды.

Сұлтанбек Бақыт, Түркістан ҚПБ ППБ қызмет инспекторы: «Түркістан қаласында «Қорғау» жүйесі арқылы 153 млн. теңге қарызы бар “Ravon” автокөлігі анықталып, айыппұлды өндіру туралы жүргізушімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, автокөлік айыптұраққа жеткізілді».

Айта кетсек, соңғы айда түркістандық тәртіп сақшылары «Қорғау» бағдарламасы арқылы айыппұлы төленбеген 100-ге жуық автокөлікті анықтап, айыптұраққа қойған.

Exit mobile version